Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа республикалық референдумға шығарылып отырған жаңа Конституция қолдау тапса, банктер шотты бұғаттай алмайтынын айтты. Оның пікірінше, Ата заңның жаңа нұсқасында халықтың ақшасын ұстауға болмайды, әр адамның жұмыс істеуге, жүз пайызын айлығын алуға құқығы бар және оған мемлекет кепілдік береді деп жазылған.
— Қазір 1,5 миллион адамның шоты бұғаттаулы. Әлемде ондай жоқ. Шотқа сотсыз шектеу қойып тастайды. Біз езаңды өзгертейік десек, конституцияға тіреліп қаламыз. Өйткені, Ата заң азаматтарды қорғамаған. Ал, бұдан былай қорғайтын болады, –
дейді депутат.
Әбенов мырзаның айтуынша, шотты тек соттың шемімімен бұғаттауға рұқсат етіледі. Бұл аса маңызды норма. Себебі, қазір банктер шектеу қойған шоттардың 99 пайызына сот үкімі шықпаған. Сондықтан, заңға банктер борышкерге түскен қаржының 30 пайызын ұстайды, ал қалған 70 пайызы өзіне деп белгілемек. Яғни отбасын асырап, комқызметін төлеп, өмір сүруіне жұмсау қажет.
Сондай-ақ мәжілісмен кейінгі кездері теріс ағымдардың насихаты көбейгенін жеткізді. "Екінші әйелім боласың, үшінші әйелім боласың, бізге ресми тіркеу қажет емес" деп, кішкентай қыздардың санасын улап, алдап соғады. Бала туғызады. Бала дүниеге заңсыз келеді. Олардың құқықтары қорғалмаған. Сосын екі-үш жылдан кейін талақ айтып тастап кетеді. Әрине, бұл дұрыс емес, заңсыз. Сол себепті жаңа конституцияда «Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркелген ерікті және тең құқықты одағы» деп жазылған.
— Бір мысал. "Кәмелетке толмаған жасөспірім бір-бірімен кездесіп, арасында бір нәрсе болып жатса, оны некелестірсек қандай айып бар" дейді. Бұл қалай сонда? Педофилияны заңдастырайын деп отыр ма? Ашық, тікелей эфирде айтып отыр. Құқық қорғау органдарына бердім. Айтып отырған адам — имам. Мешітте жұмыс істейді ресми. Ал айтып отырғаны мынау. Қазір жастар екінші-үшінші әйел болғысы келмейді. Кейбірі алданып қалып жатқаны болмаса, –
дейді Мұрат Әбенов.