freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Надежда Рябец Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Спорт
Надежда Рябец Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
ҚФБ

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел құрмасынан финалдық айқастан екінші болып шаршы алаңға шыққан Токио Олимпиадасының қатысушысы Надежда Рябец жанкүйерлер сенімін ақтап, Азия чемпионы атанды. 80 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз алтын үшін айқаста өзбек былғары қолғап шебері Рухшона Парпиеваға қарсы шықты. Жекпе-жек Алма кезек шабуылымен өтіп, Рябец 5:0 есебімен басым түсті. Бұл – Рябецтің ересектер санатындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдесі.

Осыған дейін шаршы алаңға шыққан Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Енді біраздан соң аса ауыр салмақтағы (+80 кг) Дина Исламбекова финалда бақ сынайды.

Осыған дейін әйелдер командасы сапынан Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу