Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Найзағай, бұршақ, дауыл... Синоптиктер ескертеді

Қоғам
Найзағай, бұршақ, дауыл... Синоптиктер ескертеді

«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады.  Астанада түнде және таңертең найзағай болады. Күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады екпіні 15–18 м/с жетеді.

Алматыда күндіз қатты ыстық — +36°C.

Шымкентте күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысы: батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыс, солтүстік және орталық бөліктерде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с. Өрт қаупі орталықта жоғары, ал батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте өте жоғары деңгейде.

Атырау облысы: түнде шығысында нөсер болып, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде оңтүстігі мен шығысында, күндіз солтүстігінде найзағай болады. Солтүстік-батыс желі күндіз солтүстікте 15–20 м/с. Орталығында өте жоғары, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы: күндіз оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с. Күндіз қатты ыстық — +35…+37°C.

Ақтөбе облысы: оңтүстігінде кей жерлерде жауын мен бұршақ жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Өрт қаупі өңірдің батысы, шығысы, орталығы мен оңтүстігінде өте жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы: солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с жетеді. Солтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы: солтүстігі мен таулы аудандарында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с жетеді. Күндіз қатты ыстық болады +38°C. Өрт қаупі облыс бойынша өте жоғары, оңтүстігі мен солтүстігінде  жоғары болады.

Жетісу облысы: орталықта және таулы өңірлерде найзағай болады. Жел екпіні оңтүстік-батыстан 15–20 м/с. Күндіз қатты ыстық — +35…+39°C. Солтүстігінде, шығысында, орталығында өте жоғары өрт қаупі болады.

Батыс Қазақстан облысы: түнде батысы мен оңтүстігінде, күндіз солтүстігі, орталығы мен шығысында найзағай болып, бұршақ жауып, дауыл тұрадыі. Жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы: солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай болып, жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан 15–20 м/с. Өрт қаупі батыс, шығыс және оңтүстікте өте жоғары.

Қостанай облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман болады. Солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Қызылорда облысы: түнде батысы мен орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады; күндіз бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Жел  екпіні 15–20 м/с, шығысында екпіні 23–28 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысы: батысы, солтүстігі және шығысында найзағай болып, күндіз бұршақ жауады. Жел 15–18 м/с. Солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жоғары, солтүстік-шығыс пен орталығында өрт қаупі өте жоғары болады.

Павлодар облысы: түнде оңтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстігінде найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Жел 15–20 м/с жетеді. Оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан облысы: таулы өңірлерінде найзағай болады. Күндіз солтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15–20 м/с. Оңтүстігінде қатты ыстық болады +41°C. Өрт қаупі өте жоғары болады.

Ұлытау облысы: солтүстігінде нөсер болып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел  екпіні 15–20 м/с. Батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі өте жоғары болады.

Фото: unsplash


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу