Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

НАТО саммитінің екінші күні басталды

Әлем
НАТО саммитінің екінші күні басталды

Бүгін Нидерландының Гаага қаласында Солтүстік Атлант шарты ұйымының (НАТО) жоғары деңгейдегі саммитінің екінші негізгі күні басталды.   

НАТО-ға мүше мемлекеттердің басшылары мен үкімет өкілдері Нидерландқа кеше, сейсенбі күні келген болатын. Бұл – Альянстың жаңа Бас хатшысы Марк Рютте үшін алғашқы жоғары деңгейдегі іс-шара.

Саммиттің басты мәселелері – НАТО елдерінің жарналарын ұлттық ЖІӨ-нің 5%-ына дейін ұлғайту және қазіргі жағдайда Альянстың қорғаныс қабілетін арттыру.

Бүгін саммит аясында НАТО-ға мүше мемлекеттер мен үкімет басшыларының қатысуымен Солтүстік Атлантикалық кеңестің отырысы өтеді.

Оған дейін Марк Рютте мен АҚШ президенті баспасөз мәслихатын өткізеді.

Әлемдегі ең ірі әскери одақтың көшбасшылары Иран төңірегіндегі жағдай мен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылайды деп күтіліп отыр. Сонымен қатар Гаагада Украина президенті Владимир Зеленский де бар, оның АҚШ президентімен кездесуі жаһандық БАҚ назарын аударуда.

Фото:  IMAGO, Globallookpress 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу