Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаевты қорғайтын заң күші жойыла ма? - Қошанов жауап берді

Саясат
Назарбаевты қорғайтын заң күші жойыла ма? - Қошанов жауап берді

Парламент мәжілісі Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесін жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін спикер Ерлан Қошанов журналистердің парламент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесін қарастыра ма деп сұрады. 

"Бұл мәжіліс жоспарында жоқ. Біз неге оның күшін жоюымыз қажет? Ол тарихи тұлға, Елбасының тарихи рөлі зор дегенмен ешкім дауласпайды деп ойлаймын", - деп жауап берді Қошанов журналистерге.

Ол бұған дейін депутаттар Елбасын Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырып, заңға бірқатар өзгеріс енгізгенін еске салды.

Сондай-ақ спикер елдің сыртқы және ішкі саясатын Елбасымен келісу нормасы да алынып тасталғанын атап өтті. 

"Қазір тек Елбасы мәртебесі туралы ғана норма қалды. Сондықтан ешкім мұндай мәселе қозғап отырған жоқ", - деді ол. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу