Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Неткен қасірет!". "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы суицид жасаған Динара туралы жазды

Қоғам
"Неткен қасірет!". "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы суицид жасаған Динара туралы жазды

Журналист Жанар Байсеміздің «Шетелдегі қазақ балалары» тележобасына қатысқан Динара есімді қазақ қызы АҚШ-та өзіне қол салды.

Бұл туралы Жанар Байсеміз өзінің жеке парақшасында жазды.

- Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жібергендей. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ… Неткен өкініш… Неткен қасірет… Динара, кешір мені, кеш бізді… Рухың пейіште шалқысын. Жап-жарық едің… Қош бол, Жарық Күн, - деп жазды журналист.

Динара аталмыш жобаға 2023 жылы кейіпкер болған. Оны 2005 жылы алты жасында америкалық отбасы асырау үшін Қостанайдан Джорджия штатына алып кеткен.

Фото: instagram.com/janar_baisemiz/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу