freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Никол Пашинян отставкаға кетті

Әлем
Никол Пашинян отставкаға кетті
Фото: primeministr.am

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9-шақырылымдағы Ұлттық жиналыстың алғашқы отырысы өткен күні қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Негізгі заңға сәйкес, жаңа сайланған парламенттің алғашқы сессиясының бірінші күні премьер-министр бастаған үкімет толық құрамымен отставкаға кетеді. Алайда жаңа үкімет жасақталғанға дейін Министрлер кабинеті өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Жаңа парламенттің өкілеттігі күшіне енгеннен кейін Армения президенті билеуші фракцияның ұсынысы бойынша жаңа премьер-министрді тағайындайды.

Айта кетейік, 30 шілдеде Никол Пашинян қазіргі үкіметтің соңғы отырысы өткенін мәлімдеген болатын. Ал 7 маусымда өткен парламенттік сайлауда Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетіп, жаңа үкіметті өз бетінше құру құқығына ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу