Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нүкенованың анасы қызы туралы ерекше жазба жариялады

Қоғам
Нүкенованың анасы қызы туралы ерекше жазба жариялады

Салтанат Нүкенованың анасы марқұм қызын есіне алып, Instagram-дағы парақшасында сағынышынқа толы жазба қалдырды. Ол Астанада балаларынан айырылған аналармен кездескенін айтып, өздерін қолдап жүрген адамдарға алғыс білдірді.


- Айлар бойы қызымның есімін айтып ұйқыға кетіп, есімін айтып оянып жүрдім. Салта әрқашанда менің ойымда, ол денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр. Үйіміздің жаны мен күнін бізден тартып алды. Өмірімнің соңына дейін жаным ауырып өтеді. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен кездесуден кейін Салтамның жаны жәннатта екеніне көзім жетіп отыр. Жеңіл көйлек киген ол жылы күлкісінің нұрына бөлеп, әкесіне, маған және ағасына ары қарай да өмір сүруіміз үшін сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап, біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтады. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды білдіремін, - деп жазды анасы.

Фото: instagram.com/zhumachka2805 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу