freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрай өлімі: Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қоғам
Нұрай өлімі: Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: әлеуметтік желі

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша кісі өлтіруге күдіктінің айыптарының бірі қатаңдатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов мәлімдеді.

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына қайта сараланды, яғни «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» ретінде, – деді адвокат.

Аталған баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе мүлкін тәркілеумен не онсыз өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Осылайша, қазір қылмыстық іс бірден үш бап бойынша қаралып жатыр:

ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»;

ҚК 125-1-бабы – «Некеге тұруға мәжбүрлеу»;

ҚК 115-1-бабы – «Қудалау (сталкинг)».

Еске салсақ, бұған дейін Нұрай ісі бойынша видео таратқаны үшін полиция қызметкеріне іс қозғалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу