Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрбек Оралбай да әкімнен сыйлыққа көлік алды

Спорт
Нұрбек Оралбай да әкімнен сыйлыққа көлік алды

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған боксшы Нұрбек Оралбайға Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Land Rover Defender автокөлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әкім Нұрбек Оралбай және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездесті.

«Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!

Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Фото: Астана әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу