freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрбол Жұмасқалиев «Тобыл» клубынан кету себебін түсіндірді

Спорт
Нұрбол Жұмасқалиев «Тобыл» клубынан кету себебін түсіндірді
Ашық дереккөзден

Тобыл футбол клубының баспасөз қызметі қызметінен кеткен бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевтің мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұрбол Жұмасқалиев клубтың бас бапкері қызметінен өз еркімен кету туралы шешім қабылдағанын растады.

«Бұл менің мансабымдағы өте маңызды әрі құнды кезең болды. Дәл осы жерде мен бапкер ретінде алғашқы жүлделерімді жеңіп алдым, осы уақыт ішінде үлкен жолдан бірге өттік. “Тобыл” – менің өмірімдегі ең маңызды клуб. Мен дәл осы жерде ойыншы ретінде қалыптастым, бұл клуб маған көп нәрсе берді. Облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ соңына дейін командаға қолдау білдірген жанкүйерлерімізге ерекше рақмет – клуб мұны жоғары бағалайды. Бапкерлер штабына, қызметкерлерге және, әрине, командаға – бірге болып, алға жылжуға көмектескендердің барлығына алғыс білдіремін. Команда жағдайды түзеп, дағдарыстан шығып, турнирлік кестеде жоғарылайды деп сенемін. “Тобылға” барлық бағытта табыс пен жаңа жеңістер тілеймін», - деді Жұмасқалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қостанайлық «Тобыл» футбол клубы әлеуметтік желілерде Нұрбол Жұмасқалиевтің бас бапкер қызметінен кеткенін ресми түрде жариялаған болатын.

Ол «Тобылды» 2024 жылдың маусым айынан бастап жаттықтырды. Биылғы Қазақстан чемпионатында команда алты матч өткізіп, оның төртеуінде жеңіліп, екі ойында тең түсті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу