Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Спорт
Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Нұрдос Сабыр Лимада (Перу) әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, 89 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады. Қоссайыс бойынша зілтемірші 333 (148+185) келі көтерді.

Екінші орын Валерик Мовсесянға (Армения) бұйырды – 329 келі. Бекзод Гофиржонов үшінші нәтижені көрсетті – 324 келі.

Айта кетейік, Сабыр былтырғы әлем чемпионатында екінші болған.

Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасының еншісінде екі жүлде бар. Бұған дейін 67 келі салмақ дәрежесінде Ақжол Құрманбек күміс алған болатын.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу