Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.
"Қазіргі кезде бірінші президент оқшауланды. Өкінішке қарай, елбасының соңғы тесті коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ", - делінген хабарламада.
Elbasy.kz сайтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр