457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулері 16 мамырда Астана уақытымен 05:12-де Қазақстан ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан", – делінген орталық хабарламасында.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісі сезілмегені айтылды.

Ал Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректері бойынша, 6 мамырда сағат 05:12-де Шығыс Қазақстанда 1 шақырым тереңдікте магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болған. Оның эпицентрі Қытайдағы Ақсу қаласынан 164 шақырым және Алматы облысындағы Кеген ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан.

Еске салайық, 12 мамырда де қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеген еді. Ол дүмпулер 10 шақырым тереңдікте болған. Энергетикалық класы – 10,4, магнитудасы MPV шкаласы бойынша – 4,8.

Фото: depositphotos.com