Астанада лифтіде баланың бетін пышақтаған жасөспірім ұсталды

Арман Қайыпхан

  • 11.02.2025

Елордадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде сұмдық жағдай орын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода ер адам баланы лифт ішінде ұстап тұрып, кейін пышақ шығарып, оның бетіне бірнеше рет соққы жасап, қашып кеткені көрінеді.

Баланың анасының айтуынша, ұлы дүкенге шығып, қайтып келген кезде бетінің сол жағы кесілген жараларға толы болған.

Қазір Астана қаласының полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының ресми түсініктемесі күтілуде.

Жарақат алған бала бетінде көптеген кесілген жаралары бар күйде №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Оны травматолог пен жақ-бет хирургі тексерді.

Бала ауыр жағдайда, ол жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды.

Шабуыл жасаушы – кәмелетке толмаған жасөспірім. Ол ұсталды. Астана полиция департаментінің мәліметінше, күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.

Құқық қорғау органдары оны жауапкершілікке тарту үшін заңды өкілдерін полицияға шақырды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: әлеуметтік желі

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады