Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада шұғыл қонған ұшақ жолаушысының жағдайы ауыр

Оқиға
Астанада шұғыл қонған ұшақ жолаушысының жағдайы ауыр

Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушысының жағдайы ауыр деп бағаланады. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәлімет таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

Басқарма мәліметінше, шетелдік жолаушы қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, кеше Астанада Швейцарияға бағыт алған Swissair әуе компаниясының Boeing 777-300ER ұшағы ішіндегі Жапония азаматының денсаулығының күрт нашарлауына байланысты сағат 16:00-де шұғыл қонған болатын.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, реанимация бөліміне 52 жастағы Жапония азаматы ауруханаға жатқызылған.

Науқас бірден №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Одан анықталғаны мидағы қанайналымы қатты бұзылған (инсульт).

Фото: Азаматтық авиация комитеті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу