Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

Оқиға
Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

Астанада көпқабатты үйдің ауласында жүк көлігі баланы қағып кетіп, салдарынан бүлдіршін қаза тапты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай 23 сәуірде "Капитал Парк" тұрғын үй кешенінде болған. Астана Полиция департаменті мәліметінше, Dongfeng маркалы жүк көлігін тізгіндеген 38 жастағы жүргізуші әл-Фараби көшесіндегі аула ішінде велосипед теуіп келе жатқан алты жастағы баланы қағып кеткен.

Жол апатынан кейін бала ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақаттарынан қаза тапты.

Астана Полиция департаменті жүргізушілерге аулалар мен тұрғын үй маңында барынша сақ болуға кеңес беріп, жол белгілері талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Фото: куәгер ұсынған сурет 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу