Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады

Сұлу Бөлек

  • 27.04.2025

Басы дауға қалған танымал блогер Дариға Нүркеева (Daricorn) тоғыз жастағы бала және оның анасымен кездесті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Блогер Instagram-дағы стористерінде бала және оның анасымен кездесіп, олардан кешірім сұрағанын айтты. 

"Көбі біздің жағдайымыздан хабардар. Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық. Тағы да бәрінен кешірім сұраймын, бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Кішкентай балаларды ересектердің рұқсатынсыз түсіруге, желіге салуға болмайтыны біз үшін емес, бүкіл Қазақстанға да сабақ болды деп ойлаймын. Біз барлық жауапкершілікті түсінеміз", - дейді Daricorn.

Кездесу аяғында ол баланы және оның анасын құшақтап, татуласқанын көрсетті. Daricorn баламен түскен суретті "Happy end" деп жазып жариялады.

Оқиға туралы не белгілі?

Еске салайық, дау Алматы тұрғыны Ольга Колузанова тарапынан жасалған мәлімдемеден кейін белгілі болды. Әйел блогер Daricorn-ның кәмелетке толмаған ұлын көшеде рұқсатынсыз түсіріп, кейін әлеуметтік желіде жариялағанын айтты. Осыдан кейін мектепте және спорттық секцияларда балалар оның ұлын мазақтап, буллинг жасаған. 

Фото: instagram.com/daricorn.rr

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр