«Бортсерікті ұрып, «бомба» деп айғайлаған». Астана әуежайында тентек жолаушы ұсталды

Оған екі бірдей баппен қылмыстық іс қозғалған

Мәди Саматұлы

  • 14.01.2025

Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Астана-Өскемен» бағытындағы әуе рейсінің 47 жастағы жолаушысын ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оның әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген.

Мас күйінде болған құқықбұзушы бортсеріктің ішінен бір рет ұрып, әуе кемесінен шығып бара жатып «бомба» деп айқайлап, жолаушылар мен экипаж арасында дүрбелең тудырды. Бұзақылық және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау деректері бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Әуе кемесіне дереу мұқият тексеру жүргізілген, оның барысында жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылмаған.

Полиция хабарламасына қарағанда, мұндай мінез-құлыққа жол берілмейді және қатаң түрде жолы кесіледі. Көліктегі жағдайды тұрақсыздандыру немесе қорқыту әрекеттері үлкен қауіп ретінде қарастырылып, кінәлілер заңмен қатаң жазаланады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Фото: facebook/FlyArystan 

Байланысты жаналықтар

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

23.04.2025

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

22.04.2025

Танымал балуан Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді

21.04.2025

Астанада көше ортасында көлік өртенді

21.04.2025

Қызға көмектеспек болған астаналық 6 жылға сотталды

20.04.2025
MalimBlocks
"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен құлап кеткен

Танымал балуан Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді

Оның жұбайы да спортшы.

Астанада көше ортасында көлік өртенді

Елордалық өртсөндірушілер өртеніп жатқан көлікті сөндірді

Қызға көмектеспек болған астаналық 6 жылға сотталды

Астанада ер адам сауда орталығының алдында жүргіншіні ұрғаны үшін 6 жылға сотталды