ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Сұлу Бөлек

  • 14.04.2025

23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тлішісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандарды есірткінің айналымына тарту деректері көбейгенін айтты. 

"Биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды. Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар. Естеріңізге сала кетейік, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Тек бірлесіп қана біз есірткісіз қауіпсіз қоғамды құра аламыз!" - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

"Хуторлықтар ісі": Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

21.04.2025

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

20.04.2025

"Сақ болыңыздар". Алматы әкімі тұрғындарға үндеу жасады

18.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

10 сәуірден кейін жүргізуші куәлігін ауыстырарда емтихан тапсыру керегі рас па?

09.04.2025

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

08.04.2025
MalimBlocks
"Хуторлықтар ісі": Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Талғардағы атышулы"Хуторлықтар" қылмыстық тобының жетекшісі деп аталған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов BES.media тілшісіне мәлімдеді

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

Күн жылынғалы бері Қазақстанның түрлі өңірлерінен балалардың терезеден құлап кеткені туралы жаңалықтар жиілей түсті

"Сақ болыңыздар". Алматы әкімі тұрғындарға үндеу жасады

WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Әкімдік бұл жағдайға қатысты үндеу жасады

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

10 сәуірден кейін жүргізуші куәлігін ауыстырарда емтихан тапсыру керегі рас па?

Ішкі істер министрлігі 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

ІІМ Қазақстан азаматтарын шетелде әскери қақтығыстарға қатысу үшін ақша алуға қатысу жауапкершілігі туралы ескертті