Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Сұлу Бөлек

  • 29.04.2025

Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы 5 мамырда сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы ұсталған экс-төраға Руслан Жұмағұловқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған. Сот отырысы 2025 жылғы 5 мамырға белгіленген.

Бұған дейін "Уральская неделя" Telegram-арнасы Жұмағұловпен бірге екі адвокаттың да ұсталғанын хабарлаған. Тергеу болжамынша, олар сотталған адамға қатысты оң шешім шығару үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған.

Оператив-тергеу іс-шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен БҚО бойынша департаменті жүргізген.

Сондай-ақ, бұрынғы сот төрағасының ақша беру кезінде қолға түскені айтылған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 29 сәуірдегі ресми мәлімет бойынша, Руслан Жұмағұлов әлі де Орал қалалық сотының төрағасы ретінде көрсетілген. Ол бұл қызметке 2019 жылғы 31 желтоқсанда тағайындалған.

Фото: zko.sud.kz

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды