Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

Арман Қайыпхан

  • 21.04.2025

Қайғылы оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қарқаралы маңында болған. Марқұм еңбек демалысында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бекжан Құсайынов 53 жасында кенеттен өмірден озды деген суыт хабарды қайғыра жеткіземіз. Ол 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті қорғауға арнады. Қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің патрульдік-бекеттік қызметі милиционері лауазымынан бастаған. Әр жылдары түрлі жауапты қызметтерді атқарып, Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Ол әрдайым кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талапшылдығымен, принципшілдігімен, адалдығы және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді, – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдары ардагерлер кеңесі және бүкіл жеке құрам марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты.

Фото: Қарағанды облыстық полиция департаменті

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

22.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Руслан Берденовтің әйелі шабуыл кезінде қандай күйде болғанын айтты

22.04.2025

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

21.04.2025

Баянауылдағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

20.04.2025

Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

19.04.2025
MalimBlocks
Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Руслан Берденовтің әйелі шабуыл кезінде қандай күйде болғанын айтты

Шенеуніктің әйелі жазба жариялады

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді

Баянауылдағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

Қарағандылық "Шахтер" клубының және Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач 39 жасында жол апатынан қаза тапты