"Қылмыскерді ұстауға жүргізуші көмектесті": Берденовке жасалған шабуылдың мән-жайы айтылды

Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылдың егжей-тегжейін айтты

Сұлу Бөлек

  • 23.04.2025

Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылдың егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ол 21 сәуірде оқиға болған кезде Шымкент әкімі, оның барлық орынбасары, аппарат басшылығы өз орындарында, яғни қалалық әкімшілік ғимаратында болғанын мәлімдеді.

"Мүмкін, күдіктіні ұстауға жүргізушінің де рөлі болған шығар. Бұл – тергеу аясында нақты анықталатын мәселе. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлігімен күдіктіге жақындап, ұсталуына жәрдемдескен. Бірақ тікелей ұстау әрекеті полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылды", – деді Сәрсен Құранбек.

Сондай-ақ, ол шенеуніктердің қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, зардап шеккен Берденовтің де, басқа да әкімдік басшыларының жеке күзеті жоқ екенін атап өтті.

"Шаһар басшысы Ғабит Әбдімәжітұлының да күзеті жоқ. Біз халықпен емін-еркін араласамыз, ашық жүріп-тұрамыз. Бұған өздеріңіз де күнделікті куәсіздер", – деді әкім орынбасары.

Ол қылмыскер сол жерде ұсталғанын айтты. 

"Жедел жәрдем, полиция шақырдық. Руслан Берденов шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қылмыскер сол жерде ұсталды. Бірінші клиникада Берденовке ота жасалды, ол ұзаққа созылды. Қала әкімі, біз, орынбасарлары ота аяқталғаннан кейін ғана ауруханадан кеттік", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

Сарсен Құранбек әкімдік пен баспасөз қызметі не үшін болған оқиғаға ұзақ уақыт пікір білдірмегенін түсіндірді.

"Себебі қылмыс болған жерде біздің өкілеттегіміз жүзеге аспайды, ол жерде полиция органдары жұмыс істейді. Сондықтан қылмыстық іс бойынша барлық пікір полицияның құзыретінде, ал денсаулығы бойынша пікір денсаулық сақтау саласының құзыретінде. Қазір тергеу жүріп жатыр. Барлығы прокуратураның бақылауында. Сұрақтарыңыз барын түсінеміз, бірақ ол адам неге қылмыс жасағанына пікір білдіре алмаймыз. Тергеу барысына әсер етпеу үшін ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа берілген сәтте Полиция департаментінен барлық қажет ақпаратты ала аласыздар", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары брифинг барысында БАҚ өкілдеріне.

Сәрсен Құранбек шабуылдың себептері туралы тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды және бұл іс бойынша қорытындыны тек тергеу бере алатынын мәлімдеді.

"Қылмыскер мұндай әрекетті не үшін жасағаны туралы әртүрлі қауесет тарап жатыр. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды деп санаймыз. Қайталап айтамын, тергеу бұл мәселенің нүктесін қояды. Оның психикалық жағдайы нашар болуы мүмкін, психотроп заттардың әсерінен болуы мүмкін - оны айта алмаймыз", - деп түсіндірді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Кейінірек Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды.

Берденов туралы не белгілі?

Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

Еңбек жолын 2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар" тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.

2007 жылғы ақпан - 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.

2010 жылғы шілде - 2012 жылғы қараша Eastcomtrans ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.

2012 жылғы қараша - 2018 жылғы мамыр "Ақ ниет" ЖШС бас директоры.

2018 жылғы қараша - 2019 жылғы сәуір "Ақ ниет" ЖШС байқау кеңесінің мүшесі.

2019 жылғы сәуір - 2023 жылғы наурыз Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары.

2023 жылғы 29 наурыздан бастап Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Биыл Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Фото:parlam.kz

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен