Ресейдегі жол апатынан 7 қазақстандық зардап шегіп, тағы екеуі қаза тапты

Оларды ТЖМ арнай автоколоннамен елге жеткізді

Мәди Саматұлы

  • 07.01.2025

Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына 5 қаңтарға қараған түні Ресей ТЖМ-нен «Самара-Большая Черниговка» федералды автожолының 101 км болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат түскен. Апат салдарынан Қазақстанның 7 азаматы зардап шеккен, деп хабарлайды Malim.kz.

Зардап шеккендерді Ресейден елге тасымалдау үшін Батыс Қазақстан ТЖ департаментінің құтқарушылары мен психологтарын, сондай-ақ, жергілікті денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметкерлерін қамтитын жиынтық колонна жіберілген.

Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендердің Большая Глушица ауылының, Новокуйбышевск және Самара қалаларының медициналық мекемелеріне жатқызылғаны анықталды. Бұл мекемелерде Қазақстан ТЖМ психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетті, деп жазды министрлік.

Қайтар жолда зардап шеккендердің барлығы отандық мамандардың тұрақты бақылауында болған. Бүгін таңертең зардап шеккендермен бірге жиынтық колонна Қазақстанға аман-есен келген, онда пациенттер – барлығы 7 науқас, оның ішінде 2 бала Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жатқызылды.

Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам қаза тапты, олардың мәйіттері де Қазақстанға жеткізілген.

Бұл операцияға Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылған.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Ресей мен АҚШ тұтқындармен алмасты

10.04.2025

Қытай өз азаматтарын Украинадағы соғысқа жібермегенін мәлімдеді

09.04.2025
MalimBlocks
Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Ресей мен АҚШ тұтқындармен алмасты

Қытай өз азаматтарын Украинадағы соғысқа жібермегенін мәлімдеді

Қытай Украинада Ресей армиясы жағында соғысқан екі қытайлық ұсталғаны туралы ақпаратты украиналық тараппен бірлесіп тексеріп жатқанын мәлімдеді