Руслан Берденов есін жиған соң жұмысқа бару керегін айтқан

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты, "Respublika" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, Руслан Берденовке үш рет оқ атылған. Қазір ол есін жиып, өз-өзіне келді. Қожаназаровтың сөзінше, Берденов алғашқы сәтте не болғанын түсінбей, "Маған жұмысқа бару керек" деген.
"Ең алдымен, ол – мемлекеттік қызметкер. Мұндай жағдай кез келген адам тап болуы мүмкін. Руслан Берденов есін жиғаннан соң, не болғанын бірден түсінбей, жұмысқа бару керегін айтты", – деді Қожаназаров.
Еске салайық, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуірде кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Берденовтің өкпесі мен бүйрегіне зақым келді.
Фото: Мәжіліс отырысынан скрин

Ең көп оқылған
