457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкер қаза тапты

Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкердің қаза тапқаны туралы хабарлады. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды.  

"Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид. Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады ҰҚК.  

Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданылады.

Фото: basnews.kz