Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
31-арна мәліметінше, 30 жастағы айыпталушының шизофренияға шалдыққаны анықталған. Қолын қанға малған Дархан Жорабеков түрменің орнына психикалық орталыққа жіберілді.
Яғни, ол қанды қылмысқа барғанда ақыл-есінде ауытқуы болған екен. Айыптау актісіне сәйкес, жігіт мүгедек анасын алдымен пышақтаған. Кейін қансыраған денесін далаға шығарып, өртеп жіберген. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.
Судьяның айтуынша, егер қаскөй арнайы диспансерде ауруынан айықса, абақтыға ауыстырылады.
"Сотталушы – шизофренияның параноид түрімен ауыратын науқас. Қылмыс жасаған кезде ол өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған және оны бақылауға қабілетсіз болған. Яғни, есі дұрыс емес адам ретінде ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Мұндай азаматтарға жаза емес, ем қабылдау шарасы қолданылады", – деді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әлинұр Қарабаев.
Фото: Видеодан алынған кадр

Ең көп оқылған
