Үш күннен кейін ғана табылды: әйел сәбиін пәтерде қараусыз қалдырып кеткен

Әзербайжанда 39 жастағы әйел баласын жалдамалы пәтерде қараусыз тастап кеткен. Сәби үш күннен кейін ғана табылған

Сұлу Бөлек

  • 22.03.2025

Әзербайжанда 39 жастағы әйел баласын жалдамалы пәтерде қараусыз тастап кеткен. Сәби үш күннен кейін ғана табылған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Oxu.az-ке сілтеме жасап. 

Гёйгёль ауданының 39 жастағы тұрғыны Айгүн Гадимова Товуз ауданындағы үйде нәрестесін қараусыз ұзақ уақытқа қалдырды деп айыпталды. Алайда әйел өзіне тағылған айыпқа келіспеді.

"17 наурызда сағат 11:00 шамасында баланы тамақтандырып, су бердім де, үйден шықтым. Кешке маған хабарласып, баланың ауруханада екені айтылды," – деді ол.

Бұл туралы Oxu.Az-қа Мемлекеттік отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі комитетінің өкілі Теймур Марданоғлу мәлімдеді. Оның айтуынша, бала бүгін Баку қаласына жеткізіліп, мемлекеттік балалар мекемесіне орналастырылады.

"Юхары Ойсүзлю ауылында қараусыз қалған бала анасымен бірге тұрмайды. Қазір ол Товуз аудандық ауруханасында. Бүгін оны Бакуге жеткізіп, мемлекеттік мекемеге орналастырамыз. Бұл оқиға бойынша Мемлекеттік комитет, Товуз ауданының атқарушы билігі және Ішкі істер министрлігі аудандық полиция бөлімімен бірлесе шұғыл тергеу жүргізіп, баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Гёйгёльдегі балалар мен отбасын қолдау орталығына жолданған сұраныс нәтижесінде отбасы туралы мәліметтер анықталды. Айгүн Гадимова некесіз туған баласына жауапкершілік алғысы келмей, оны бірнеше күн бойы жалғыз қалдырған. Қазір баланың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ," – деді ол.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025
MalimBlocks
Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті