457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жетісуда бір күнде 2 бала суға батып кетті

ТЖМ тұрғындарды су қоймалары маңындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

2018 жылы туған қыз бала ата-анасымен бірге демалып жүрген кезде суға батып кеткен. Оқиға шомылуға рұқсат етілмеген, арнайы белгілер орнатылған, бірақ жабдықталмаған учаскеде болған. Құтқарушыларға хабар сағат 13:30-да келіп түскен. Бала денесін ТЖД қызметкерлері сағат 14:00 шамасында судан алып шыққан, – делінген хабарламада.

Екінші оқиға дәл сол күні Қожбан ауылында тіркелген. 2007 жылы туған жасөспірім абайсызда Қаратал өзеніне құлап, cуға батқан. Жергілікті тұрғындар жасөспірімнің денесін сағат 14:30 шамасында өздері судан алып шыққан.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан балалардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Фото: ТЖМ