Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олимпиадада жанкештілігімен көзге түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы елге оралды

Спорт
Олимпиадада жанкештілігімен көзге түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы елге оралды

Бүгін Астана әуежайына Париж Олимпиадасының қатысушысы, боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортшыны жақындары мен достары және Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының мүшелері күтіп алды.  Әуежайға Malim.kz тілшісі де барып, спортшыдан Олимпиададан алған әсерін сұрады.

«Аллаға шүкір, көңіл күй жақсы. Өз-өзімізге келдік. Енді дайындықты жалғастырамыз. Үшінші жекпе-жектегі грузиялық боксшы мықты болды. Тәжірибесі басым», - дейді спортшы.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы биылғы жылы қарулы күштер қатарына қабылданып, ант берген болатын. Спортшы қазіргі кезде Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қатарында. Сондықтан, әскери-спортшылар боксшыны әуежайдан күтіп алуға келді.

Айта кетейік, Базарбайұлы Парижде алдымен испаниялық Ойер Ибаррче Кондені 5:0 есебімен жеңді. Одан кейін Тайпей боксшысынан басым түсті. Өкінішке қарай, ширек финалда төрешілердің шешімімен грузиялық Лаша Гурулиден жеңілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу