Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Саясат
Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады. 
 
Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.
Премьер-Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.
 ЕҮАК отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу