Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Он жылға сотталған Т.Нұрымбетов сотқа шағым түсірді

Аналитика
Он жылға сотталған Т.Нұрымбетов сотқа шағым түсірді

Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетов өзіне шығарылған үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірді. 

Маусым айында №2 Тараз қалалық соты Тимуржан Нұрымбетовты «пара алу», «алаяқтық» және «қызмет бабын асыра пайдалану» деген үш бап бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкімде Нұрымбетовтың  қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірілгені көрсетілген.

Бұл іс бойынша бірнеше мемлекеттік қызметкер мен мүгедектер қоғамдық ұйымдарының басшылары қоса сотталды.   Malim.kz басылымының тілшісіне сотталғандар мен олардың қорғаушылары үкіммен келіспей, облыстық сотқа шағым түсіргені белгілі болды. Сонымен қоса, Тараз қаласының прокуроры апелляциялық өтінішхат жазыпты.

Арызда не айтылғаны әзірге белгісіз. Іс материалдары 48 томнан тұратындықтан, әрі сот алқасының мүшелері басқа процесстерді қарастырып жатқандықтан, апелляциялық шағымның қаралуы кейінге шегерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Тимуржан Нұрымбетов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың туған ағасы. 

Аделаида Ауеспекова

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу