854 блогер кірісін толық көрсетпеген

338 блогер 256 миллион теңге салық төледі

Сұлу Бөлек

  • 27.04.2025

Камералдық бақылау нәтижесінде кірісін толық көрсетпеген 854 блогер анықталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Салық органдары сәйкессіздіктер туралы хабарлама жібергеннен кейін ғана олар табысын декларациялап, салық төлей бастаған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді.

"2025 жылы камералдық бақылау нәтижесінде дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 80 000 жеке тұлғаға анықталған ауытқушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, 80 000 жеке тұлғаның ішінде 854 блогер хабарлама алғаны анықталды. Хабарламаларды алғаннан кейін блогерлер тарапынан белсенділік танытылды", — дейді министрлік мамандары агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Десе де, 854 блогердің бәрі бірдей бұл шешіммен келіспейтін көрінеді. Ведомство мәліметінше, хабарламаны алған инфлюенсерлердің 338-і ғана өз бетінше декларация тапсырып, салық төлеген.

"Биыл 23 сәуірдегі жағдай бойынша, 338 блогер 10 млрд 585,4 млн теңге сомасына кірістерді өз бетінше декларациялады және 256,7 млн теңге сомасында жеке табыс салығын төледі", — дейді Қаржы министрлігі. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды