Абай облысында құдықтың ішінен 3 адамның мәйіті табылды

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Арман Қайыпхан

  • 05.08.2024

Абай облысында құдыққа түскен үш азамат уланып өлді, деп хабарлайды Malim.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Марқұмдардың екеуі Алматы қаласының тұрғыны, үшіншісі жергілікті тұрғын.

Қайғылы жағдай Преображенка ауылында болды. Үш бірдей азамат құдықтың ішінде жатқанын көрген тұрғындардың бірі құтқарушыларды шақырған.

Бұл елді мекенде су құбыры былтыр ғана қолданысқа беріліпті. Бірақ жыл өтпей құбырдан ақау шыққан.

Сондықтан мердігер мекеме кепілдік мерзімі бойынша оны қалпына келтіруге міндеттелген екен. 34 жастағы екі жігітті Алматы қаласынан жөңдеу жұмыстарына солар арнайы жіберген сыңайлы.

Ал 37 жастағы жергілікті азаматтың шұңқырға қалай түсіп кеткені белгісіз. Себебі ол екі жігітпен бірге жұмыс істемеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Көкпекті ауданының елді мекендерінің бірінде су құбыры шұңқырын тазарту кезінде екі қызметкер мен жергілікті тұрғын биогазбен уланған. Осы факті бойынша екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған еңбек қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Абай облысы ПД баспасөз қызметі.

Ұлынан айырылған ана мердігер компания басшылығымен қоса, жергілікті шенділерді де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

«Менің баламның өліміне кім жауап береді? Қай адам? Ал енді баламды тауып берсін. Мынаның ішінен мәйітін шығарды. Шығара алмай. Бұл не сұмдық?! Сонда олар тендер ұтып алады екен. Неге сауыт-сайманымен келмейді екен? Неге арнайы машинамен келмейді?», - деді Марқұм Д. Жақыповтың анасы Гүлнар Жақыпова.

Фото: КТК

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан