«Әділдік және өркендеу» қоры кеншілер петициясына қосылды

Петиция кеншілердің зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендетуге арналған

Malim Админ

  • 17.07.2024

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры «Қазақ көмір кәсіподақ» көміршілер кәсіподағының кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Петицияны қолдайтындар Үкіметтен кеншілердің зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендету мәселесін қарастыруды сұрайды. Құжатта «көмір кенішіндегі зиянды өндірістік факторлардың жұмысшылардың денсаулығына тигізетін кері әсері жазылған. Ұзақ уақыт бойы мұндай жағдайда еңбек ету жұмысшылардың ауыр дертке шалдығуына әкеп соғатыны ерекше аталып өтеді. Жасы 50-ден асқан кеншілердің көбі түрлі ауруға шалдыққан. Қазба жасалатын кенжар мен кен орнындағы еңбек жағдайын білетін адамдар қатты шаң, газбен ластанған, қолайсыз температура мен басқа да экстремалды жағдай бар жерде 60-тағы адамның ауыр жұмысты атқаруы қиын екенін түсінеді. Елде тіркелген кәсіптік аурулардың басым бөлігі – көмір өнеркәсібі қызметкерлері шалдыққан дерттер.

1998 жылы  жеңілдетілген зейнетақы жүйесі тоқтатылды. Содан бері 2-3 онжылдықта жер астында жұмыс істейтін кеншілер денсаулығына зиян болса да жұмысын жалғастыруға мәжбүр. Дәл сол себепті кенші мамандығының беделі де жойылып кетсе керек. Еске салсақ,  2006 және 2017 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталарында болған еңбек жанжалдары кезінде кеншілер қойған негізгі талаптың бірі – зейнет жасын төмендету болған еді, деп жазылған петиция мәтінінде.

Осы айтылғандарды ескере отырып, кәсіподақ заңнамаға жер астында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ете отырып, зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендетуге қатысты өзгерістер енгізуді сұрайды.

Әзірге кеншілер зейнетке тек 55 жастан бастап қана шыға алады.

Петиция әзірлеуді «Қазақ көмір кәсіподақ» көміршілер салалық кәсіподағының жетекшісі Марат Мирғаязов көтерді. М.Мирғаязов – Қазақстандағы беделді кәсіподақ қызметкері, ол жылдар бойы кеншілердің құқығын қорғап келеді. Ол басқаратын ұйым «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының серіктесі. 

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстанның өңірлеріндегі барлық жанашыр азаматтарды петицияны қолдауға шақырады.

Ал қоғамдық қор көміршілер кәсіподағына құқықтық және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуге, қажет болған жағдайда оның билік пен жұмыс берушілер арасындағы көпірі болуға дайын.

Қордың мақсаты еңбек адамының құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті орнату. Кеншілермен ниетіміз бір және біз көміршілердің еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін барлық заңды құралдармен күресуге дайынбыз. Біз барлық жанашыр қазақстандықты осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Біздің қатарымызға қосылыңыз – әділ Қазақстан үшін, еңбек адамының құқығы үшін бірге күресейік!, делінген қордың ресми мәлімдемесінде.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

15.10.2024

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

07.10.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапат табыс етті

23.08.2024

Екібастұзда кеншілер мінген автобус апатқа ұшырады

12.08.2024

Мектеп оқушыларының киім үлгісі бойынша петиция жарияланды

10.08.2024

ЛГБТ насихатына қарсы петиция: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай

02.08.2024
MalimBlocks
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

Шахтада көміртегі газы бөлінген

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапат табыс етті

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.

Екібастұзда кеншілер мінген автобус апатқа ұшырады

Көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған

Мектеп оқушыларының киім үлгісі бойынша петиция жарияланды

Петиция авторлары киім параметрлерін заңмен бекітуді ұсынады

ЛГБТ насихатына қарсы петиция: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай

Біздің ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға дұрыс рухани-адамгершілік бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бойына сіңіру.