Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан күзетшінің отбасына көмек көрсетіліп жатыр

Қоғам
Алматыда кісі қолынан қаза тапқан күзетшінің отбасына көмек көрсетіліп жатыр

Бұл туралы «Мазмұндама» жобасының авторы Шыңғыс Мұқан өзінің facebook-парақшасында жазды.

Әлгі айуан тұратын тұрғын үй кешенін күзететін Нұрболдың қазасына қабырғам қайысып отыр. Не болып барамыз! Ауылдан қалаға қоныстанғанның жартысы күзетші, таксиші немесе жеткізуші болып қалған жолайрықта молшылықта өскен кейбір санасыз үстемдік көрсетуге асық: ат тағады, тіл тигізеді…

Үш баласымен жесір қалған Нұрболдың жарына аз да болса көмек болсын деп 10 мың теңге аударып жібердім. 5-10 мың теңгеден ақша аударып көмектесейік. 87753750319 Асем М деп шығады Каспиден, – деді ол.

Еске салсақ, кеше Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің күзетшісін аса қатыгездікпен өлтіріп тастағанын жазған болатынбыз.

Кейін күзетшіні өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болды деген жаңа мәліметтер пайда болған еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу