Алматыда күзетшіні аяусыз өлтіру ісі: Тұрғындар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Алматыда 29 наурыз күні «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін 45 жастағы ер адам өлімші етіп сабап, өлтірген болатын. Жәбірленушіні жедел жәрдем алып кеткенімен, ол ауруханада көз жұмды. Пәтер иелерінің кооперативі олар өлтіруден бір күн бұрын түнде бірге ішімдік ішкен деген ақпаратты жоққа шығарды. Қайғылы оқиға орын алған ғимарат тұрғындарының айтуынша, кісі өлтірді деп күдіктелген ер адам үйінде үнемі жанжал шығарып, тіпті адамдарға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 01.04.2024

«Время» басылымының жазуынша, тұрғындар оқиға жұма күні сағат 2.30 шамасында болғанын айтқан. Олар сол күні түннің ортасында айқай-шудан оянған. Дереу терезеге қараған бойда, жантүршігерлік көрініске куә болған. Көршілері жерде жатқан күзетшіні жұдырықпен ұрып, теуіп, содан кейін оның басына секірген. 

Кешен тұрғыны Данеля Сартайдың айтуынша, бәрі өте тез болған. 

Қатты айқай естідім. Терезені жабу үшін төсектен тұрсам, біздің тұрғын үй кешенінің қақпасын көлік қағып құлатқан. Бізге қателесіп мас адам кіріп кетті деп ойладым. Сосын жақынырақ қарасам, күзетші жерде жатыр екен, ал машина оны басып жатыр екен, – деді тұрғын. 

Әйел телефоның алып полиция мен жедел жәрдем шақырған соң камерасымен болып жатқанның бәрін түсіріп алған.

Оқи отырыңыз: Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің күзетшісін аса қатыгездікпен өлтіріп тастады

Алматыда күзетшіні өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған

Сол кезде ер адам күзетшіні аяқ-қолымен ұра бастады. Сосын дым болмағандай көлікке отырып, оны тұрғын үй кешенінің аумағына қойып, үйіне кетіп қалды. Мұның бәрін видеоға түсіріп алдым, – дейді тұрғын. 

Көршілердің айтуынша, кісі өлтіруші 14-қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Бірақ ол кезде тәртіп сақшылары жетіп, күдіктіні қолға түсірген.  

Оқиға орнында көзі тірі болған күзетші, яғни 42 жастағы Нұрбол Қайтпаевты төтенше жағдай орнына тез жеткен жедел жәрдем көлігі алып кеткенімен, ол көз жұмды. 

Ауруханаға бара жатқан жолда Нұрбол есін жоғалтып, ауруханада қайтыс болды. Бізге оның тамыры жыртылып, қабырғасы сынып, өкпесі тесіліп, аяғы түгел жаншылып кеткенін айтты, – деді әріптесі Елена Филипова.

Ол осы тұрғын үй кешенінде алты жылдан бері жұмыс істейді.

Күзетшіні басып кеткен ер адам көпқабатты үйдің 14-қабатындағы пәтерде ата-анасымен тұрады. Оның есімі Асқар Тастандиев. 

Кешен тұрғындарының айтуынша, ол мезгіл-мезгіл жанжал шығарып, өзін жөнсіз ұстаған. Үйсіз достарын кешен аумағына кіргізбек болған. Ал пәтер иелерінің кооперативі қызметкерлері бөгде адамдарды ішке кіргізбеген кезде ол мүліктерді бүлдірген. Есік, терезелерді сындырып, жеделсатыны тепкілеген. Бір-екі ай бұрын ол егде жастағы диспетчер әйелді шашынан жұлып, тіпті алдыңғы күзетшіні (Нұрболға дейін жұмыс істеген) тұншықтырып өлтіре жаздаған. Ол күзетші шыдай алмай жұмыстан шығып кеткен.

Бұл кешенде 15 жылдан бері тұрып жатқан Наталья Асанова бұл бұзақылыққа төтеп бере алмай, қол қусырып отырғандарын айтты. 

Тағы оқыңыз: Алматыда кісі қолынан қаза тапқан күзетшінің отбасына көмек көрсетіліп жатыр

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан күзетшінің отбасына көмек көрсетіліп жатыр

Тұрғындар оның үстінен үнемі шағымданып, полиция шақырады. Бірақ бір сағаттың ішінде ата-анасы мәселені шешіп береді. Оны нашақор болған дейді, шабармандар үнемі келіп тұратын... Дегенмен, бұл рас па, жоқ па, тергеу анықтасын, - деді әйел. 

Пәтер иелерінің кооперативі қызметкерлері бейнекамералардағы жазбаларды қарап, оқиғалардың хронологиясын қалпына келтірді. Олар әлеуметтік желілерде сол қаралы түнде тұрғын күзетшімен бірге сыра ішті деген ақпарат таратқан. 

Күзетші ішкен жоқ. Жалдамалы пәтерінің ақысын төлеу үшін екі күн қатарынан жұмыс істеді. Кішкентай балаларын бағып-қағу үшін күн-түн демей қызметін атқарды. Кешеннің бейнекамералары тұрғынның күзетшінің кабинасына бөтелкемен кіріп, өзі ішкенін көрсетеді. Содан кейін күзетші ер адамға қарсылығын білдірген, ашуға булыққан тұрғын көлігіне отырып, ішке кіріп кеткісі келген. Нұрбол оны ішімдік ішкендіктен ішке кіргізбеді. Күзетші мұндай күйде басқа адамдарды басып кетуі мүмкін екенін ойласа керек! - деді Елена Филипова. 

Әңгімелесушінің айтуынша, Нұрбол қақпаны жауып жатқан кезде рульдегі ер адам жылдамдықпен күзетшіні қағып, кейін газды қайта басқан. Сосын көліктен түсіп, аяқ-қолымен ұрып-соғып, тепкілей бастаған. 

Елена Филипова күзетшінің 200 мың теңге қарызы бар деген қауесетті де жоққа шығарды:

Бұл да өтірік! Нұрбол әлгі жалға алушыдан ақша алмаған. Өйткені күдікті қолма-қол ақша ұстап жүрмейді. Себебі ата-анасы оның тәуелді екенін біліп, мүлде ақша ұстатпайды. Менің естуімше, бұл адам тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан мейрамханаға барады, содан кейін әкесі түсіп, оның ақшасын төлейді. Мен Нұрболмен үш жыл қатарынан жұмыс істедім. Ол әдепті, адал адам болды. Онымен бір ауысымда жұмыс істеп, өзімді әрқашан қауіпсіз сезінетінмін, - деді ПИК әкімшісі. 

Кешен тұрғындары да күзетші туралы жақсы пікір айтты. 

Нұрбол өте жақсы, жанашыр адам еді. Оның енді арамызда жоқ екеніне сене алар емеспін, - деді Наталья Асанова.

Полиция күдіктінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің тұрғыны мен күзетшінің арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарын салған, - деді Алматы Полиция департаменті.

Қайғылы оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.

Қосымша анықталғандай, Тастандиев Асқар Саламғазыұлы («Тастандиев» ЖК) goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-сайтында жеткізуші ретінде көрсетілген. «Байланыс ақпараты» бөлімінде күзетші қаза тапқан мекен жай көрсетіледі: «Самал-3» шағын ауданы, 25 ғимарат.

Ал Wikipedia сайтында «ТАСТАНДИЕВ Саламғазы Мұхамедқалиұлы – XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1948 жылы туған, Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі» деген ақпарат бар. Атына қарағанда, ол Асқар Тастандиевтің әкесі болса керек.

Фото: Время

Байланысты жаналықтар

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Бір аптадан бері жоқ. Өскемендік 18 жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр

19.11.2024

Бұрынғы полицейге адам өлтірді деген айып тағылды

18.11.2024

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

15.11.2024

Жайыққа тасталған бойжеткеннің мәйіті бір айдан бері табылмай жатыр

14.11.2024

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

14.11.2024
MalimBlocks
Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Бір аптадан бері жоқ. Өскемендік 18 жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр

Әнел Ерік 12 қараша күні Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып кеткен

Бұрынғы полицейге адам өлтірді деген айып тағылды

Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

Жайыққа тасталған бойжеткеннің мәйіті бір айдан бері табылмай жатыр

Екі ер адам қызды өлтіріп, өзенге ағызып жіберген

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады