Алматыдағы жол апатынан зардап шеккендер 25 адамға жетті

Арасында үш жасөспірім бар

Malim Админ

  • 26.06.2024

Алматыда болған жеңіл көлік пен қоғамдық көліктің жол апатынан зардап шеккендер саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, олардың екеуі оқиға орнында емделіп, амбулаторлық емге жіберілген. Зардап шеккен 22 адам қалалық ауруханаларға жеткізілген, барлығының жағдайы орташа ауыр.

Арасында 14, 15 және 16 жастағы үш жасөспірім бар. Олардың да жағдайы орташа ауырлықта: бір баланың тізесі мен іші көгерген, екіншісінде мұрын сүйектерінің жабық сынуы, ал үшіншісінің оң жақтағы жіліншік сүйегінің жабық сынуы анықталған, деп жазылған басқарманың хабарламасында.

Ал тағы бірі оқиға орнында көз жұмған.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025
MalimBlocks