Ақмола облысында зейнеткер әйел асырап алған екі жасар баласын өлтіріп, ауласына көміп тастаған

Оның қамқорлығында тағы төрт бала болған.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Щучье қаласында 65 жастағы әйел асырап алған екі жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінді, хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция күдіктіні ұстағанын растады.

Тергеушілердің айтуынша, зейнеткер баланы өлтіріп, кейін үйінің ауласына көмген. Сондай-ақ оның қамқорлығында тағы төрт бала болған.

Полицейлер баланың өлімі туралы мүлдем кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бала балалар ауруханасына жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақаты, басының артқы жағындағы гематома диагнозы қойылған әрі миы шайқалған.

Асырап алғушы асығып, туу туралы куәлікті араластырып алған болса керек, содан кейін полиция бұл отбасына баруды ұйғарады. Дәл сол кезде туу туралы куәліктің иесі 4 жыл бұрын қайтыс болғанын анықтаған. Оның денесі бақшаға жерленген.

Қазір тергеушілер кісі өлтіру мен ұрып-соғуға зейнеткердің қызы - 30 жастағы әйелдің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл отбасында балалар үйінің жетім балалары патронаттық тәрбиеге, қорғаншылыққа немесе асырап алуға алынған. Аталған жағдайға қатысты арнайы тексеріс басталды.

Баланың денесі табылған соң қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін 2018 жылғы баланың мерт болғаны анықталған, алайда тиісті мемлекеттік органдарға өлім және жерлеу фактісі туралы хабарланбаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық және бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекин.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025
MalimBlocks
Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды