Ақтөбеліктер коммуналдық төлемнің бағасына наразылық білдірді

Ақтөбеліктерге қаңтарда жылу үшін 40 мың, енді біріне 90 мың теңге төлеу керек деп жазылған.

Сабина Асқарқызы

  • 05.02.2025

Ақтөбеде тұрғындар коммуналдық төлемнің шектен тыс шарықтап кеткеніне наразы. Есет батыр ықшам ауданының жұртына жылу үшін бір айға 90 мың теңгеге дейін түбіртек келген. Бұл соманы көрген халық қымбатшылықтың себебін түсіне алмады, деп хабарлайды Malim.kz Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақтөбеліктерге қаңтарда жылу үшін 40 мың, енді біріне 90 мың теңге төлеу керек деп жазылған. Тұрғындар коммуналдық төлемнің бірден үш есеге өсіп кеткенін айтады. Олар тарифтің бұлай қымбаттауы қалтамызға салмақ түсіреді деп күйінеді.

Есет батыр ықшам ауданының тұрғындары түбіртектерін алып, әкімдікке барған. 

Есігімнің кілтін берген кезде есігімнің алдында 29 мың теңге деген түбіртек тұрды. Онда жылуға қарызсыз деп жазылған. Төленген сомамды азайтқан сайын менің сомам көбейе береді, – деді ақтөбелік Перизат Әбиева. 

Бұл бес қабатты үйлер тасқыннан зардап шеккен жандарға және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғындарға 2023 жылы берілген. Сол уақыттан бері халық жылу тарифін төлеп келеді. Бірақ ай сайын баға өзгереді дейді.

Қазір жылу, салқын су, ыстық суымыздың төлеміне үш бөлмеліге ай сайын 93 мың теңге шығып тұр. Біз түсінбей жатырмыз. Шаршы метріне төлегенде, ондай ақша шықпайды ғой. Үйде есептегіш тұр. Ол ақшаның төлемімен сәйкес келмейді. Бірнеше рет әкімдікке арыз жаздық, бірақ нәтиже жоқ, – деді Ақтөбе тұрғыны Шынар Ақбалиева.

Жылуға жауапты мекеменің өкілі тұрғындар үйге қойылатын жылу есептегіш құрылғыға құжат дайындамағанын айтады. Соның кесірінен ортақ қолданыстағы жылудың ақысы қосылып кетуі мүмкін. Оның үстіне қаңтардан бастап жылудың ақысы шаршы метріне 191 теңгеден 235 теңгеге өскен дейді.

Есептегіш қабылданбаған. Соны қабылдау үшін сертификаты немесе паспорты болуы керек. Содан кейін бізге арыз жазады да, біз қабылдаймыз. Сосын ортақ үйдің есептегіші деген бар. Жеке есептегішпен төлейді, – деді "Aqtobe su-energy group",- мекемесінің өкілі Асылан Жолдасов.

Ал шенеуніктер есептегіш құрылғыны үйді салған мердігер мекеме өз қаражатына орнату керегін айтты.

Видеодан скриншот 

Байланысты жаналықтар

"Ақша бопсалаған". Ақтөбеде бір топ студенттер ұсталды

25.01.2025

Ақтөбеде емші өз келушілеріне 100 млн теңге несие алғызған

22.01.2025

Бүйрегін 9 млн теңгеге сатқысы келген ер адам сотталып кетті

21.01.2025

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

17.01.2025

Ақтөбеде адамдарды кепілге алу: екі адам көз жұмды

14.01.2025

Ақтөбелік есірткі сатушылар қылмысын жасырам деп адам өлтірген

13.01.2025
MalimBlocks
"Ақша бопсалаған". Ақтөбеде бір топ студенттер ұсталды

Ақтөбеде емші өз келушілеріне 100 млн теңге несие алғызған

Бүйрегін 9 млн теңгеге сатқысы келген ер адам сотталып кетті

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

Ақтөбеде адамдарды кепілге алу: екі адам көз жұмды

Үшінші адам ауруханада жатыр

Ақтөбелік есірткі сатушылар қылмысын жасырам деп адам өлтірген

Әрқайсы 19 жылдан арқалады