«Арақ ішкен адамның денсаулығы мықты болмайды»: Мас болып ұсталған экс-имамның ВИДЕОСЫ тарады

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілдеде түн ортасында Бурабайдағы түнгі клубтың жанында ұсталды. Ол көлігін мас күйінде жүргізген.

Берік Дәулетов

  • 26.07.2024

Әлеуметтік желіде Бурабайда түнгі клубтың жанынан ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін қамауға алынған Қостанай облысының бұрынғы бас имамы Бахытбек Тәжімбеттің арақ ішудің зияны туралы айтқан уағызы тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның уағыз айтқан видеосын Kayrat Rekaz есімді Facebook қолданушысы парақшасында жариялаған.

Бас имамның, жоқ, кешіріңіздер, қателестім, мас имамның уағызын тыңдап көріңіздер. Иә, әлгі арақ ішіп, көлік жүргізіп, ұсталған имам, - деп жазды ол өз парақшасында.

Сонымен, Бахытбек Тәжімбет не дейді?

Арақ ішпе дейді. Арақ ішкен адамның денсаулығы мықты болмайды ғой. Міне, Алла Тағаланың тыйымдарын қарасаңыз, құрметті, қадірлі жамағат, солардың барлығының астарында адамның денсаулығына үлкен зиян келтіретін нәрселердің шығатынын біз білеміз, - дейді бұрынғы бас имам.

Еске салсақ, Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілдеде түн ортасында Бурабайдағы түнгі клубтың жанында ұсталды. Ол көлігін мас күйінде жүргізген.

Кейін ҚМДБ оны қызметінен босатып, оның теріс қылығы үшін мұсылман жамағатынан кешірім сұрады.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

03.05.2025

Полицейлерді соққандар бірнеше жылға сотталып кетті

29.04.2025

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

27.04.2025

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

25.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

Полицейлерді соққандар бірнеше жылға сотталып кетті

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды