Түнгі клуб жанында мас күйінде ұсталған қостанайлық бас имам қызметінен босатылды

Бұған дейін ол Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін он бес тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған еді.

Берік Дәулетов

  • 25.07.2024

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін сотқа тартылған Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілде күні Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін он бес тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын хабарлаған болатынбыз.

ҚМДБ өз қызметкеріне қатысты ресми түсініктеме беріп, оның қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды, - делінген хабарламада.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025
MalimBlocks
Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан