Қостанайдың бас имамы ішімдік ішіп, 15 күнге қамалды
Одан кейін бірнеше облыста медресе ұстазы болған.
Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас күйде көлік тізгіндегені үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бурабай аудандық соты қаулысына қарағанда, оқиға 23 шілде түнгі сағат 03:00-те болған. Жүргізуші Тәжімбет Бурабай кенті Кенесары көшесіндегі «Регион 03» клубының қасында TOYOTA HIGHLANDER автокөлігін масаң күйде басқарған. Сот отырысында Тәжімбет өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдік ішпегенін, тек қымыз ішкенін ғана көрсеткен.
Алайда сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу дерегін анықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Бақытбек Тәжімбет «сыра іштім» деп жауап берген.
Прокурор имамды 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруды сұраған.
Бақытбек Тәжімбет Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қамаққа алу уақыты 2024 жылғы 23 шілде сәуір сағат 16:53 минуттан бастап есептелсін, - делінген сот қаулысында.
Бақытбек Тәжімбет 1983 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Түркістандағы «Хасан Оралтай» медресесін, Шымкенттегі «Қамар» атындағы медресені, Алматыдағы «Таугүл» медресесін тәмамдаған.
2005-2006 жылдары Стамбул қаласындағы «Стамбул муфтиятында» білім алған.
Қызметін 2006 жылы Шымкенттегі «Қамар» медресесінде ұстаздықтан бастаған.
Одан кейін бірнеше облыста медресе ұстазы болған.
2008 жылы қыркүйекте Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде найб имамдығына тағайындалған.
2009-2011 жылдары Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық мешітінде бас имам болған.
2011 жылдан 2015 жылдың қазанына дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бас имам қызметін атқарды.
2015 жылдың қарашасынан бері Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалған.
Үйленген, екі баланың әкесі.
Фото: интернеттен