Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтарды Еуропаға алып кетеді

Қоғам
Әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтарды Еуропаға алып кетеді

Әскерде денсаулығына зақым келген сарбаз Ербаян Мұхтарды емдету үшін Еуропаға алып кетеді, деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Жинап берген ақшаға емдетіп, баламның орнынан тұрғанын қалаймын. Үкіметтен де көмек сұрап, Ақмарал Әлназаровамен (денсаулық сақтау министрі) кездестік. Уәде берді, сол уәдесінде тұрса деймін", – дейді Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева.

Министр Әлназарова Ербаянды жеткізіп беру мәселесін қарастырып, жақын уақытта жауабын айтамын деп уәде берген. 

"Германияның клиникаларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ең мықты деген екі-үш клиника Ербаянды қабылдаймыз деп отыр. Халық жинап берген қаржының жартысы ұшақпен жеткізуге кетейін деп тұр. Мемлекет тарапынан жеткізу жағына көмек болмаса, қаржы тапшылығына байланысты емді аяғына дейін ала алмаймыз", - дейді Ербаянның әкесі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу