Астанада креативті хаб ашылды

Арман Қайыпхан

  • 17.07.2024

Елордада алғашқы ірі креативті хаб өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында бұл сала еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенім білдірген еді.

Креативті хабтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. Қонақтар сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен танысып, ұлттық болмысты сақтауда қазақтың дәстүрлі ою-өрнегін қастерлеп-насихаттаудың маңызы зор екенін айтты.

️Ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимарат нетворкинг  жасап, креативті индустрия жобаларын жүзеге асыру алаңына айналмақ. Хаб бірнеше бағыттағы аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, кітап дүкені мен отандық баспалардың өнімдеріне арналған оқу залы, этно-мұражай, қолөнер шеберханалары, заманауи өнер қойылымдары, музыкалық және әдеби кештер алаңы, сонымен қатар «Smart nomad games» жобасы мен заманауи өнер галереясы бар.

Осындай хабтарды Қазақстанның барлық аймағында ашу жоспарлануда. Олар шығармашылық жобаларды іске асыруға және коммерцияландыруға, сондай-ақ шығармашылық нарыққа жүздеген маман қосуға ықпал етеді.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.