Астанадағы ескі вокзал маңында жарылыс болды

Астанадағы ескі вокзалдың маңында жарылыс болды. Бұл утары ТЖМ өкілдері хабарлады.
Полиция департаментінің Орталық жедел басқармасының мәліметінше, жарылыс Сарыарқа ауданы Гёте көшесінде болған.
– Оқиға орнына дереу құтқарушылар келді. Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.
"Қазақстан темір жолы" бөлімшесінің кезекшісі 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болғанын айтты.
– 14 ақпан сағат 00:30-да. Астана стансасының сұрыптау жолында жүк контейнері жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты, – делінген хабарламада.
Аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
