Атырау облысында 520 мыңнан астам шабақ құтқарылды

Инспекторлар оларды Жайыққа жіберіп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

Атырау облысы Бейбарыс ауылында орналасқан Сарыөзек каналынан 520 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі су тасқыны салдарынан Жайық өзені арнасынан шығып, өзен суы төгілген жерлер арқылы Сарыөзек арнасына құйылған болатын. Тасқын суларымен бірге арнаға балық шабақтары да түскен. Маусым айында Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақталды, ал тасқын су төгіліп арнада өскен балық шабақтарымен бірге жиналып қалған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, қазір арнада жиналған балық шабақтарын сақтап қалу үшін су беру насосы арқылы су жіберіле бастаған және балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқарылған балық шабақтарының түрлері: сазан, табан, көксерке, жайын, мөңке, орташа салмағы 12-14 грамм.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусымынан бастап бүгінге дейін Атырау облысының су айдындарында 49 млн 920 мыңнан астам балық шабағы, оның ішінде Құрманғазы ауданының аумағында – 39 млн 900 мың дана, Индер ауданының аумағында – 8 млн 500 мың дана, Махамбет ауданында – 1 млн 520 мың дана, Атырау қаласының облыс орталығында – 35,5 мың дана балық шабағы құтқарылған.

Бөлшектенген су айдындарынан құтқарылған барлық шабақ Жайық өзеніне жіберіле береді.

Фото: Атырау облысы ӨКҚ

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Кептірілген балық жеп, аяқ-қолымнан айырылдым - Бота Бурханова

07.05.2025

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

07.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025
MalimBlocks