Атырау облысында тасқын суы шабындық алқабын суаруға жіберілді

Соның арқасында Ойылда су деңгейі төмендеген

Malim Админ

  • 11.05.2024

Атырау облысы бойынша «Қазсушар» мамандары Ойыл өзені арқылы келген тасқын суын өңірдегі 18 мың гектардан астам шабындық алқабын суаруға жіберді. Осының нәтижесінде Ойыл өзеніндегі су деңгейі төмендеді, деп хабарлайды Malim kz. 

Ал Жайық өзені арқылы келген тасқын суын Бақсай, Нарын, Сарыөзек және Соколок каналдары арқылы суару-суландыру жүйелеріне, лимандарға және Каспий теңізіне бағыттау жұмысы жүріп жатыр.

Сарыөзек каналының тасқын суын қабылдайтын арнасы тазартылып, қорғаныс бөгеті нығайтылды. Каналдың төменгі бөлігінен жаңадан 4,2 шақырым канал тұрғызылып, Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылдық округінің аумағындағы 1500 гектар шабындық алқабы суарылды. Сарыөзек арқылы да тасқын суы Каспий теңізіне бағытталады, делінген хабарламада.

Тасқын суын қауіпсіз өткізу мақсатында Бақсай каналы бойындағы құбырлар мен бөгеттер алынып тасталды. Суды теңізге жіберу үшін жаңадан 4 шақырым канал тұрғызылып, Нарын каналының бас бөлігінің арнасы тазартылды. Бүгінгі күні канал бойындағы 4,5 гектар шабындық алқабын тасқын суымен суару жұмысы жүріп жатыр.

Қазір негізгі мақсаттардың бірі – тасқын суын тиімді пайдалану. Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне шамамен 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Сондай-ақ, көлдерді, лимандарды және жерасты суларының орындарын толтыру үшін де су жіберіліп жатыр, - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

07.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Премьер-министрдің орынбасарына ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі таныстырылды

26.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Премьер-министрдің орынбасарына ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі таныстырылды