Атырау халқы жаппай көшіп жатыр ма?

Көшіп кетіп жатқан адамдардың көптігі сонша, кассаларда билет қалмаған деген жазбалар жүр.

Malim Админ

  • 11.04.2024

Әлеуметтік желіде Атырау тұрғындары жаппай көшіп жатыр деген хабарлама тарады. Облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы ақпартты жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Желіге тараған видеода Атырау вокзалында ары-бері өткен көпшілікті көруге болады. Көшіп кетіп жатқан адамдардың көптігі сонша, кассаларда билет қалмаған деген жазбалар жүр.

Бейне авторы жергілікті тұрғындарды шатастырып, қала тұрғындарының жаппай кетіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратып отыр. Кеше, 10 сәуірде вокзалға бірден төрт пойыз келді: Құлсары қаласынан вахталық жұмысшыларды алып келген пойыз; Атырау - Құлсары бағытындағы бес вагоннан тұратын тегін пойыз; Ақкөл (Құрманғазы ауданы); Алматыға дейінгі пойыздар, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ пойыздар жүріп кеткеннен кейін вокзалда жолаушылар да қалмаған.

Қазір вокзалда дүрбелең жоқ. Қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды және тек тексерілген фактілерге сенуді сұраймыз, - деді жедел штабтан.

Фото: azh.kz

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды