Аягөзде оннан астам ауылды жапқалы жатыр – Ринат Зайытов, депутат

Соңғы жылда ШҚО-да 350 ауыл бос қалған

Мәди Саматұлы

  • 29.01.2025

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов елімізде бос қалып, тағы жабылғалы жатқан ауылдар мәселесін көтерді. Қазақтың алтын бесігі саналатын ауылды жабуды «өз тамырын балталау» деген депутат сол ауылдарды сақтап қалуға қатысты ұсыныстарын берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қажетті инфроқұрылымның сапалы медицина мен білімнің, тұрақты жұмыс пен табыстың, тіпті қарапайым интернеттің жоқтығынан 34 жылдың ішінде өз туған ауылын амалсыздықтан аз адам тастаған жоқ. Соның салдарынан, қаншама ауылымыз «мүжілген сүйектей» мүшкіл халге жетіп, жабылып қалды.

Нақты сандармен айтсақ, соңғы 5 жылда ШҚО-да 350 ауыл, СҚО-да 635, Павлодар облысы бойынша 352 ауыл бос қалды. 2024 жылдың өзінде-ақ СҚО-да 141 ауыл мәртебесінен айырылған. Көзіңе еріксіз жас, көңілге мұңды күмән ұялататын статистика. Бұл – жай ғана ауылдардың саны емес, мыңдаған отбасының туған жері, ұшқан ұясы, өмірінің тарихы ғой. Ауыл деген жай жаба салатын есік емес, қазақтың алтын бесігі екенін неге ұмыттық?, дейді ол.

Оның сөзінше, бүгінде ауыл тұрғындары өз күнімен қандай да бір іс бастайсың десе де кедергілер өте көп, мал бағып, егін өсірейін десе, жері, кәсіп бастайын десе, қаржысы, қажетті инфроқұрылымы да жоқ. Тұрғындарын былай қойып, ауылдың әкімінде де қарапайым қажеттіліктерді өтейтін бюджетте техника да, пәрмен де жоқ.

Алдағы уақытта Абай облысы Аягөз ауданында да 10-нан астам ауылды жапқалы жатыр екен. Оның алдын алуға талпынып жатқан бір лауазымды тұлға жоқ. Қазақ өз тамырын өзі балталаса, қалай гүлдемек?! Жоқ, әлде бұл әрекеттердің арғы жағында халықтың бәрін мәжбүрлі түрде қалаға көшіру керек деген жымысқы саясат бар ма?, деген ой тастады ол.

Соған байланысты мынадай ұсыныстарын берді:

Ауыл әкімдерінің пәрменін күшейтуді;

Бір ауылға бір техника, яғни ауылдарды техникамен қамтуды;

Бұл мәселені ұлттық деңгейге көтеріп, Үкімет басшылығы және облыс әкімдері деңгейінде қоныс аудару жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды;

Ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру және қоныстандыруға бағытталған жұмыс жоспарын құру, оны ауылдық жастарға жеткізуді ұсынды.

Фото: Парламент Мәжілісі

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

07.04.2025

Биылғы 3 айдың өзінде ауыл тұрғындарының саны 8 мыңға адамға азайған

01.04.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025

Күн сайын бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, біреу алаяққа жем болады – Ринат Зайытов

19.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

Ол ауылда мүлде жағдай жоқ екенін айтты.

Биылғы 3 айдың өзінде ауыл тұрғындарының саны 8 мыңға адамға азайған

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

Күн сайын бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, біреу алаяққа жем болады – Ринат Зайытов

Депутаттың айтуынша, бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті.